Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жасанды интеллект АҚШ-ты экономикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін

26.02.2026, 17:30 50

Bild дерегінше, америкалық Citrini Research экономикалық зерттеу институты «2028: Жаһандық интеллект дағдарысы» атты есеп жариялап, жасанды интеллект (ЖИ) АҚШ экономикасына ірі соққы беруі мүмкін екенін болжаған. Құжат жарияланған соң ірі IT-компаниялардың акциялары құлдыраған: IBM 13%-ға, ал Datadog, CrowdStrike және Zscaler шамамен 9%-ға төмендеген.

Сарапшылардың болжамынша, 2028 жылға қарай S&P индексі 38%-ға құлдырап, жұмыссыздық 10,2%-ға жетуі ықтимал. Негізгі себеп – ЖИ-дің қарқынды дамуы. Өнімділік күрт артқанымен, бұл жаппай қысқартуларға әкеліп, тұтынушылық шығындардың азаюына, соның салдарынан экономиканың баяулауына соқтыруы мүмкін.

Есеп авторлары жаңа мамандықтар пайда болатынын мойындайды. Алайда «ЖИ құрған әрбір жаңа жұмыс орнына ондаған ескі жұмыс орны жойылады» деп жазады олар. Оның үстіне, жаңа қызметтердің жалақысы бұрынғыдан әлдеқайда төмен болуы ықтимал.

Зерттеуде кеңсе және қызмет көрсету саласы ең көп зардап шегетіні айтылады. Кейбір компаниялар рекордтық пайда тапқанымен, қызметкерлер саны азайып, табыс қоғам ішінде кеңінен бөлінбейді. Мұндай құбылыс сарапшылар сипаттауынша «елес ЖІӨ-ге» – яғни статистикада бар, бірақ нақты экономикада айналымға түспейтін табысқа әкелуі мүмкін.

Институт болжамынша, мемлекет белгілі бір кезеңде араласуға тырысуы мүмкін. Алайда әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер заңнамалық тетіктерден жылдамырақ жүріп, дағдарыс тереңдеуі ықтимал.

Фото: Bild на русском телеграм арнасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: