Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа оқу жылындағы жаңа өзгерістер

31.08.2022, 18:25 1589

Ертең жаңа оқу жылы басталғалы тұр. Осыған сәйкес, өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет брифинг беріп, жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтарға тоқталып өтті. Сәйкесінше, аймақтағы 295 мемлекеттік, 16 жекеменшік мектептерде 182 мың оқушы білім алатын болады. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны – 5 мыңға артып отыр. Сондай-ақ, 18 мыңға жуық бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде.

  • Облыстағы 677 мектепке дейінгі ұйымда 59 902 бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейін балалар – 100%, 2-6 жас аралығында – 90 % мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған. Бүгінде жеке балабақшалар үлесі – 73% құрап отыр. Мектепке дейінгі білім беруде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жаңартылған тәсілдеріне, баланы тәрбиелеу процесіне отбасын белсенді тартуға негізделген жаңа модельді іске асыру бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз. Осы ретте, мектепке дейінгі ұйымдар басшыларынан, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруды, жаңа бағдарламалар енгізуді және балабақшалар жұмысының сапасын бағалауды талап етеді. Алдағы уақытта лицензиялау талаптарының кезең-кезеңімен енгізілетінін ескере отырып, ашылатын орындар мен балабақшалардың талапқа сай келуін қамтамасыз ететін боламыз, – деді М.Зинабдинұлы.

Сонымен қатар, бүгінгі күні облыста 61 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді,  онда 53 959 бала қамтылған. Қосымша білім берудің аясын кеңейту мақсатында өңірдегі 295 мектеп жанынан 2 170 спорттық секция және 1 942 шығармашылық үйірме ұйымдастырылған. Жаңа оқу жылында мектептерде білім алушыларды домбыра, шахмат үйірмелеріне көптеп тарту, олардың мәдени және интеллектуалдық дамуына жоғары әсер етеді. Биыл осы бағыттағы үйірмелерді дамытуға басымдық беріледі.

  • Біріншіден, оқу жылының ұзақтығы бұрынғыдай 34 оқу апта емес, 36 аптаны құрайтын болды. Бұл оқу материалын бекітуге және пысықтауға арналған уақытты ұлғайтуға, балаға күніне жүктемені 7-8 сабақтан 5-6 сабаққа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты балаларда қосымша білім алу, сабақтан тыс уақытты тиімді пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ, барлық мектептер, соның ішінде лицейлер, гимназиялар, мамандандырылған мектептер де бес күндік оқу аптасына ауысады. Екіншіден, қазіргі қолданыстағы мектеп бағдарламасына түзету енгізіледі. 1 қыркүйектен бастап бірінші сыныптардағы «Көркем еңбек» пәні «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» болып бөлінді. Сонымен қатар «Шетел тілі» және «Орыс тілі пәндері» бірінші сыныпта оқытылмайды және барлық сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәні үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінен алынып тасталынды. Енді қазақ тілінде оқытатын мектептерде 1-ші сыныптан бастап тек қазақ тілін, орыс тілінде оқытатын мектептерде – қазақ және орыс тілдері оқытылатын болады. Қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілін оқытуды 2-сыныптан бастау жоспарланып отыр. Ағылшын тілі тек үшінші сыныптан бастап қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептерге енгізілмек. Бағалау өткен жылдағыдай сақталады, яғни БЖБ, ТЖБ және күнделікті қалыптастырушы бағалау қалады. 1-ші сынып оқушыларына баға қойылмайды. Қалалық және ауылдықмектептерде топқа бөлу сыныпта 24 бала немесе одан асқан жағдайда жүргізіледі. Үшіншіден, Қызылорда қаласындағы үш ауысымда оқытатын 6 мектептен (Абай мектебі, №3, №101, №261, №264, №280) басқа аймақтағы барлық білім беру ұйымдары 5 күндік оқу аптасына ауыстырылды, – деді облыстық білім басқармасының басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: