Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Волонтерлер арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті

16.08.2021, 17:01 276

12 тамыз – Халықаралық жастар күні қарсаңында облыстық Ішкі Саясат Басқармасының тапсырысымен «Ай-Қанат» Жастар Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы волонтерлер арасында шағын футболдан облыстық турнир өткізілді.

Шараға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардағы ерікті жастармен волонтерлік қызметті үйлестіретін мамандар (10 команда) қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша:

1-орын – Шиелі аудынының жастары;

2-орын – Сырдария ауданының жастары;

3-орын – «Сыр волонтерлері» орталығының ерікті жастары иемденсе, арнайы номинациялар бойынша:

Үздік қақпашы: Нұрғиса Хасенханов;

Үздік ойыншы: Қуаныш Жиенқұлов;

Үздік шабулушы: Еркебұлан Қалдыбек марапатталды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс, диплом және арнайы сыйлықтар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: