Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Венесуэлалықты сұлатып салған Құлахмет қанша гонорар тапты

05.04.2021, 9:00 433

HALYQLINE.KZ

Қазақстандық сарапшы Айдар Махметов венесуэлалық Эбер Рондонмен (20-1, 13 КО) жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткен қызылордалық Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 КО) қанша ақша тапқанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің проф-рингтегі үшінші жекпе-жегі үшін алатын табысы 210 000 долларды құрады. 70 секунд ішінде тапты, негізі, жаман табыс емес! – деп жазды Махметов өзінің MakhmetovSport Телеграмм-арнасында.

Айта кетсек, Тұрсынбай Құлахмет Эбер Рондонды бірінші раундта небәрі 70 секундта нокаутқа жіберген болатын. Бұл жеңіс 27 жастағы қазақстандыққа кіші орта салмақтағы WBC International чемпиондық белбеуін сәтті қорғауға мүмкіндік берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: