Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық мерекеде сырдариялықтар көкпар ойнады

25.10.2022, 20:20 571

Халқымыздың ұлттық ойындарының ішіндегі ең ерекшесі – көкпар сайысы.

Елден бата алу үшін көкпар беру – атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың дәстүрі.

Сырдария ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жергілікті көкпаршы, жылқы малының жанашыры Кенжебек Ордабаев Тереңөзек кентіндегі атшабарында жаппай көкпарға қолдау жасап, елдің ризашылығы мен ақ батасын алды.

25 қазан – Ұлттық Республика күні аясында ұйымдастырылған шарада аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев сөз сөйлеп, шабандоздарға сәттілік тіледі.

Дала төсін дүбірлеткен жаппай көкпарға көршілес Жалағаш, Шиелі, Арал, Жаңақорған аудандары және Түркістан облысының жігіттері де қатысып, доданың думанын қыздырды.

Жалпы жүлде қоры 4 млн теңгені құраса, «Өгіз өлдіні» салған палуанға тай бастаған тоғыз сыйға берілді.

Жұртшылықты дәстүрлі ойын мен ұлттық спортқа қызықтыру, бұқаралық спортты жандандыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұлттық спорттың додасы Тереңөзек кентінде ұйымдастырылып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: