Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үш дүркін Азия жеңімпазы бола ала ма?

04.04.2023, 9:30 197

HALYQLINE.KZ Жақын арада Астанада күрес түрінен Азия чемпионаты өтеді. Оған еліміздің атынан 35 жастағы Алмат Кебіспаев (67 кг) қатысады. Ол бұған дейін Азия чемпионатында 2 алтын, 3 күміс медаль еншіліген.

Кебіспаев жарыстың екінші күні бозкілемге шығатын болады.

Бірінші жарыс күні (9 сәуір), грек-рим күресі бойынша 55, 63, 77, 87, 130 кг салмақтағылар белдеседі;
Екінші жарыс күні (10 сәуір), грек-рим күресі бойынша 60, 67, 72, 82, 97 кг салмақтағылар белдесіп, аяқтайды.

Барған сайыстарында құр қол келмейтін А.Кебіспаев бұған дейін біраз жетістіктерге жетті. Ол Азия ойындарында күміс, қола жүлдегері, Лондон олимпидасына қатысушы (2012 ж); бес мәрте әлем чемпионатының жүлдегері (1 күміс, 4 қола) атанған.

Елімізде өтетін Азия чемпионатында отандасымыз Алмат Кебіспаев жеңіске жете ала ма? Сіз қалай ойлайсыз?

Айбек МҰХАНОВ,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: