Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үш боксшымыз ӘЧ-ның финалында жұдырықтасады

12.05.2023, 16:00 380

 48 келі салмақта жарыс жолына алғаш болып шыққан отандасымыз, ресейлік Эдмонд Худоянды 5:0 есебімен жеңіп, жаһандық доданың финалына жолдама алды.

 Санжардың ақтық бәсекегі қарсыласы Сахил Аллахвердови (Грузия) болады.

Сондай-ақ, Махмұд Сабырхан қатарынан екінші Әлем Чемпионатында финалда өнер көрсетеді.

 54 келіде сынға түсіп жатқан Махмұд 2017 жылғы Әлем Чемпионы Йосвани Ветитияны (Куба) жеңіп, ақтық жекпе-жекке жолдама алды.

Ал, Дулат Бекбауов – ұлттық құрама сапынан финалға шыққан үшінші боксшы.

 67 келі салмақ дәрежесіндегі 1/2 финалдық жекпе-жекте грузиялық Лаша Гурулиді 5:0 есебімен жеңіп, дебюттік Әлем Чемпионатында ақтық бәсекеге жолдама алды.

Сәлден соң Асланбек Шыңбергенов пен Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: