Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Туристік компания қызметкерлері турнирде бақ сынады

29.08.2022, 23:00 262

Нұр-Сұлтан қаласында «Компас» туроператорының  астаналық офисінің ұйымдастыруымен еліміздің туристік компаниялары қызметкерлері арасындағы Қазақстан Республикасы Конститутциясы күніне арналған үстел теннисінен арнайы турнир өз мәресіне жетті.

Мерекелік жарыс додасына егемен еліміздің кеңістігінде қызмет жасап жүрген 20 туристік компаниясының өкілдері қатысып, өз бағын сынады. Жарысты ұйымдастырушы «Компас» туроператорының  астаналық офисінің жетекшісі Ерәлі Тілеуов ашылу салтанатындағы сөйлеген сөзінде, байрақты бәсекеге қатысушыларды еліміздің Конституциясы күні мерекесімен құттықтай келе, бұл алғаш рет ұйымдастылырылып отырған турнирдің ең басты мақсаты – туристік индустрия қызметкерлері арасында бұқаралық спортты кеңнен насихаттау мен өзара ымақтастық байланысты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша астаналық Евгения Суесинова жарыстық бас жүлдесі Біріккен Араб Әмірліктеріне берілген туристік жолдама мен арнайы Кубокты жеңіп алды.

Екінші және үшінші орынды «ББ тур» компаниясының спортшысы Қазбек Нұрлыбаев пен «Саяхат әлемі» туристік агентінің өкілі Айсұлтан Қапиевтер өзара бөлісіп, жарыстың арнайы Кубогімен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Компас» туроператорының  

астаналық офисі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: