Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Түркістан Арена» халықаралық УЕФА категориясын алды

13.07.2022, 18:15 550

HALYQLINE.KZ «Түркістан Аренада» жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша УЕФА стадионға халықаралық II дәреже беру туралы шешім шығарды.

Бұл туралы Қазақстан Футбол Федерациясы хабарлады.Түркістан стадионы келесі матчтарды қабылдай алады:

– УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдерінің ойындары;

– Жастар құрамалары (U-21) арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– Әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері.

Айта кетейік, «Түркістан Аренаның» құрылысы 2019 жылдың ақпанында басталған. 2020 жылдың 30 тамызында ол пайдалануға берілді. 2021 жылдың 2 наурызында “Түркістан-Арена” стадионында алғаш рет матч өтті, онда “Шахтер” мен “Астана” Суперкубок финалына таласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: