Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белгілі спортшы қаза тапты

15.05.2026, 16:40 60

Қырғызстандық аралас жекпе-жек шебері Медет Жээналиев Ыстықкөлде балаларды құтқармақ болып көз жұмды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап, деп жазады halyqline.kz тілшісі.


Қырғызстандық спортшы көлге батып бара жатқан кәмелетке толмаған қызды құтқару үшін суға секірген.

«Бактуу-Долоноту ауылындағы жағажайда кәмелетке толмаған төрт қыз демалып жүрген. Олардың бірі суға шомылу кезінде бата бастаған. Медет Жээналиев досымен бірге көмекке ұмтылған. Қыз құтқарылды, бірақ Медет Жээналиевтің өзі қаза тапты», — деп жазды басылым.

Кәсіби MMA-да төрт жекпе-жек өткізген спортшының сүйегі қайғылы оқиғаның ертеңіне табылған.


Фото: instagram.com/mma_eurasia_association/

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: