Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр спортшылары жаттығуға кірісті

18.05.2020, 18:19 437

Мамыр айының басынан бастап, спортшыларға жаттығуларды бастауға рұқсат берілді. Сыр спортшылары да оқу-жаттығу процестерін, алдағы жарыстарға дайындықты бастап кетті. Əрбір жаттығу алаңында спортшылар саны 50-ден аспауы тиіс.

Маусым айының ортасынан бастап, спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары арасында облыс біріншіліктерді өткізу жоспарлануда. Əрі қарай күнтізбелік кестеге сəйкес кешенді жарыстар біртіндеп басталады.

Нұржан Смаханов, ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы:

«Коронавирус індетінің кесірінен спорт додалары тоқтатылып, жарыстар да өтпей қалды. Тіпті Олимпиада ойындары да кейінге шегерілді. Бұл жағдайға қарамастан ауыр атлетика бөлімшесінің спортшылары жаттығуларды онлайн түрде өткізді. Яғни Whats App желісі арқылы күнделікті жасауға қажетті жаттығулар тізімін жіберіп, қадағалап отырдым. Спортшыларға зілтемірсіз үй жағдайында жаттығу жасау қиынға соқты, десе де дене жаттығуларын жасап, шынығып отырды. 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталды, бірақ карантин толықтай аяқталған жоқ. Біз қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, оқу-жаттығу процесін бастап кеттік. Яғни жоғары спорт шеберлігі тобында 6 спортшы, спорттық жетілдіру тобында 8 спортшыдан жаттығып жатыр. Алда көптеген жарыстар жоспарланған. Енді жарыстарға қарқынды дайындалып, жаттығу процестерін үдетеміз», – деді.

Лаура Шоңғалова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: