Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Спортшы 8 жылға сайыстардан шеттетілді

22.02.2023, 10:10 259

Қазақстанның ұлттық антидопинг орталығының 2022 жылы жарыстан шеттетілген спортшылар тізімінде Игорь Сон да бар. Орталық мәліметіне қарағанда, Игорьдан жарыстан тыс кезде, яғни 2022 жылдың 2 наурызында сынама алынған. Сынаманы талдау барысында спортшының ағзасынан метастерон табылып отыр. Осыған байланыс антидопинг ережесін бұзған ауыр атлет 2022 жылдың 28 наурызынан бастап 2030 жылдың 28 наурызына дейін жарыстарға қатыса алмайды. Яки 8 жылға спорттан шеттетілді.

Естперіңізге сала кетсек, Жапония астанасы Токио қаласында өткен Олимпиада ойындарында Игорь Сон қола жүлдегер атанған болатын. Ол қоссайыстың нәтижесінде 294 (131+163) келіні бағындырған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: