Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Спорт басқармасының алқа мәжілісі өтті

25.12.2020, 18:00 465

HALYQLINE.KZ  «Мұз айдыны» спорт кешенінің мәжіліс залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жылды қорытындылаған алқа мәжілісі өтті. Мəжіліске басқарма басшысы Жақсылық Оспанов, алқа мүшелері Райкүл Байназарова, Ибраким Нұрпейісов, Бағдат Каленов, Жағыпар Тажмаханов, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары қатысты.

Мәжілісті ашқан басқарма басшысы жаттықтырушылар мен спортшыларға спорттық атақтар беру туралы куәліктерді табыстады. Олардың ішінде бокстан «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағымен Көмекбай Қизатов, отырып ойнау волейболынан облыстың аға жаттықтырушысы Эрик Қасқабаев «Ұлттық спорт төрешісі» атағымен марапатталды.

Сондай-ақ, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының қола жүлдегері Евгений Ломанов, классикалық пауэрлифтингтен Азия чемпионатының қола жүлдегері Амантай Жанділда мен Азия чемпионы Әсия Оразбековаларға «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағының куәліктері берілді.Күн тәртібінде №1, 2, 4 облыстық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің білікті спортшылар мен спорт резервтерін дайындау жұмыстары және басқа да мәселелер бойынша хабарламалар жасалынып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Алқа мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: