Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шынар Абатова – Азия чемпионы

07.06.2022, 13:00 250

   
HALYQLINE.KZ Ливанның Джуния қаласында 1-5 маусым аралығында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, 80 келі салмақ дәрежесі бойынша қарсыластарына дес бермеген Шынар Абатова Азия чемпионы атанды.

Шынар Абатова – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті. Самбо, дзюдо және қазақша күрестен ҚР спорт шебері. Бұған дейін ол самбодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР-ның үш дүркін жеңімпазы атанған. Спортшының алдағы жоспары – Әлем чемпионатына қатысып, ел мерейін асқақтату.

Айта кету керек, Азия чемпионы Шынар Абатованы жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды. Ел намысын қорғап, алтыннан алқа таққан жерлесімізге жиналған қауым ізгі-тілектерін білдірді.

                                                                                      Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: