Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ширек финалда 7 қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады

10.05.2023, 10:41 509

HALYQLINE.KZ Бүгін Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалы өтеді. Бұл кезеңге Қазақстан құрамасының жеті боксшысы өнер көрсетеді. 

15:00-де басталатын күндізгі сессияда рингке үш қазақстандық шығады. Үшінші жұпта 57 келіде өнер көрсететін Серік Теміржанов кубалық Сайдел Ортамен айқасады. Сегізінші жұпта Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов (71 келі) франциялық Макан Траоремен қолғап түйістіреді. Одан кейін 80 келідегі Нұрбек Оралбай иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен жекпе-жекке шығады. 

19:00-дегі кешкі сессия Санжар Тәшкенбай мен жапониялық Кадзумо Аратаке кездесуімен басталады, боксшылар 48 келіде өнер көрсетеді. Үшінші жұпта Махмұт Сабырхан ганалық Мохаммед Амадпен 54 келіде жартылай финалға жолдаманы сарапқа салады. Сегізініші жұпта Дулат Бекбауов мексикалық Мигель Анхел Мартинеспен 67 келіде өзара мықтыны анықтайды. Ал кештің ең соңғы айқасында ең ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Баходир Джалоловпен жекпе-жекке шығады. 

7 – қазақ халқының өмір салтындағы жиі кездесетін сан. Сол себепті мұны жақсы ырымға балап, боксшыларға сәттілік тілейміз.

Ширек финалға шыққан  боксшылар саны бойынша Куба мен Өзбекстан көш бастап тұр. Нәтиже мынадай:

Куба – 12

Өзбекстан – 11

Ресей– 8

Қазақстан – 7

Испания – 6

Франция — 5

Грузия – 5

Иордания – 4

Тәжікстан – 4

Болгария – 4

Қырғызстан — 3

Үндістан – 3

Бразилия – 3

Армения – 3

Жапония – 2

Венесуэла – 2

Таиланд – 2

Моңғолия – 2

Қытай – 2

Әзербайжан – 2

Замбия – 2

Мексика – 2

Тайвань – 1

Шотландия –1

Аустралия –1

Хорватия – 1

Беларусь – 1

Венгрия – 1

Колумбия–1

Гана – 1

Италия – 1

Аустрия – 1

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: