Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде республикалық турнир өтіп жатыр

09.12.2022, 17:00 215

HALYQLINE.KZ Шиелі кентінде орналасқан орталық спорт кешенінде 20 жасқа дейінгі жасөспірім зілтеміршілер арасында республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов қатысып, тілек білдірді.

– Баршаңызды Екі мәрте Социалистік еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы Республикалық турнирдің ашылу салтанатымен құттықтаймын. Биыл Шиелі ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында, түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар жоспары жасалып, талаптарға сай аталып өтілуде. Міне, осындай жоспарға негізделген іс-шаралардың бірі жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан Екі мәрте Социалистік еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы республикалық турнир. Тағы бір айта кетерлігі, ауданымызда спортқа, оның ішінде ауыр атлетикаға ерекше көңіл бөлінуінің нәтижесінде шиелілік ауыр атлетшілер Бектай Асылжан, Айзада Мүптілда, Сансызбаева Айсамал секілді батыр ұл-қыздарымыз әлем, Азия біріншіліктерінде топ жарып, әлемдік аренада қазақ елінің абыройын асқақтатып келеді, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, турнирде ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаевтың ұлы Сейітбек Жақай ағамыз сөз алып, қатысушы жасөспірім зілтеміршілерге сәттілік тілеп, «Ыбырай Жақаев аталарыңдай елге сыйлы азамат болыңдар», деді.

Айта кетейік, бүгінгі турнирге еліміздің 5 облысынан және облысымыздың аудандарынан 100-ден астам жас ауыр атлетшілер келіп қатысуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: