Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде «Өнер барысы» өтті

13.12.2022, 11:00 440

HALYQLINE.KZ Жастар ресурстық орталығы және «Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі жобасының ұйымдастыруымен және №9 Шиелі ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің қолдауымен Керделі ауылдық округіндегі Ш.Ермағанбетов атындағы спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне орай қазақша күрестен «Өнер барысы – 2022» турнирі өтті.

Турнирді аудан әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Абдулхайысұлы ашып беріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа ауылдық мәдениет үйінің мамандары және өнерпаз жастар қатысып, турнир командалық сайыс түрінде өткізілді.

Турнир қорытындысы бойынша:

І орын – «АРЫСТАН» командасы,

ІІ орын –«КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК» командасы,

ІІІ орын –«СҰҢҚАР» командасы иеленді.

Жарыс соңында барлық қатысушылар арасында түйе палуан сайысы ұйымдастырылып, жас ақын Бекжан Ержігіт жеңіске жетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: