Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шахматтан әлем чемпионына қазақтың шапанын жапты

27.12.2022, 15:45 308

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шахматтан (рапид және блиц) 2022 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Арасында әлемнің үздік шахматшысы, норвегиялық Магнус Карлсен бар турнирдің құрметті қонақтарына қазақ шапандары сыйға тартылды. Айта кетейік, әлем чемпионаты Алматы қаласырда 30 желтоқсанға дейін өтеді, оған 50 елдің жетекші ойыншылары қатысады. Турнирді FIDE пен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырды. Жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды.

Әлем чемпионатының фавориттері – қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия), Хикару Накамура (АҚШ), Фабиано Каруана (АҚШ), Ян Непомнящий (Ресей), Аниш Гири (Нидерланды), Александр Грищук (Ресей), Шахрияр Мамедьяров (Әзірбайжан), Ян-Кшиштоф Дуда (Польша), Юй Янъи (Қытай) и қазіргі чемпион – Максим Вашье-Лаграв (Франция). Әйелдер арасында – Александра Горячкина (Ресей), Катерина Лагно (Ресей), Хампи Конеру (Үндістан), Тан Жонгуй (Қытай), Нана Дзагнидзе (Грузия), Харика Дронавали (Үндістан), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан), Сарасадат Хамедальшарьех (Иран), Антоанета Стефанова (Болгария), Александра Костенюк (Ресей) және Бибісара Асаубаева (Қазақстан).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: