Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шахматшы Әсел Серікбаймен кездесті

28.10.2022, 16:55 407

HALYQLINE.KZ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі, шахматшы Әсел Серікбай Италияның Сардиния қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Нәтижесінде елімізде тоғызыншы, облыста тұңғыш болып «гроссмейстер» атанды.

Осы ретте Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова Әсел Серікбайды қабылдап, жеңісімен құттықтады. Келелі кездесуде шахматшыға оқу орнының «Үздік түлек» төсбелгісін табыстап, алдағы додаларға сәттілік тіледі. Бұл туралы аталған университеттің медиа орталығы хабарлады.

Университет мақтанышы Әсел Серікбай 4 дүркін Әлем чемпионы атанып, Азия чемпионатында 7 мәрте жеңімпаз болды. Сондай-ақ, ел біріншілігінде 17 рет топ жарған.

Өз кезегінде Әсел қолдау көрсеткен барша азаматтарға ризашылығын білдірді.

«Оқу орнында спортты дамыту және жастардың саламатты өмір салтын қалыптастыру ерекше назарға алынған. Әрдайым спортшыларға қолдау көрсетіп, демеп келеді. Сондықтан, әрбір жеңісімнің артында ұстаздарымның тәрбиесі мен табанды еңбегімнің нәтижесі бар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі болу- үлкен мақтаныш», – деді Әсел Серікбай.

Айта кетейік, қазіргі таңда университетте спорттың 13 түрінен спорт секциясы жұмыс істейді. Іргелі оқу орнында 9 Әлем, 27 Азия және 120 Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері білім алуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: