Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Роналду осы жылы мансабын аяқтауы мүмкін…

18.11.2022, 11:15 312

Танымал футболист Криштиану Роналду британдық журналист Пирс Морганмен резонанс тудыратын ашық сұхбат жүргізді. Бүгінде «Манчестер Юнайтед» клубының шабуылшысы Португалия құрамасы сапында 2022 жылғы Катарда өтетін әлем чемпионатында жеңіске жетсе, кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

– Португалияға әлем чемпионы болуына көмектессем, мансабымды аяқтаймын ба? Иә, 100 пайыз аяқтаймын, – деді Роналду.

Естеріңізде болса, ағылшын Премьер-Лигасының ағымдағы маусымында Роналду 10 матчқа қатысып, бір гол соқты. 2022 жылғы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді. Португалия Н тобында Гана, Уругвай және Оңтүстік Корея құрамаларымен кездеседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: