Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Родриго Чемпиондар лигасында теңдессіз рекорд орнатты

05.05.2022, 16:18 363

HALYQLINE.KZ «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта кездесуінде «Манчестер Ситиді» 3:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында екі гол соққан «Реал» шабуылшысы Родриго УЕФА Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің рекордын жаңартты.

Чемпиондар лигасының тарихында ешкім 90-минутта және одан кейінгі уақытта екі гол соға алмаған. Ал Родриго 90 және 90+1-минутта мергендік танытты. Осылайша, бразилиялық футболшы бірегей жетістікке қол жеткізді.

Айта кетейік, алғашқы жартылай финалдық ойында «Манчестер Сити» өз алаңында «Реалды» 4:3 есебімен жеңген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: