Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚПЛ-ге VAR орнатылады

09.07.2021, 17:04 394

Ел чемпионатында төрешілердің сын астында жүргенін көріп көз үйренді. Бұл мәселе чемпионаттың әр туры сайын ушығып барады. Осы тұрғыда, жақын арада ҚПЛ-ге VAR орнатылмақ.

Бұл мәліметті ҚФФ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасы жариялады. Онда төрешілердің VAR құрылғысымен танысып, дайындалу барысы көрсетілген.

Әзірге футбол жанкүйерлері еліміздегі VAR жүйесіне сенімсіздікпен қарауда. Не де болса, федерацияның бұл жолғы бастамасы шикіліксіз болады деп сенеміз. Әліптің артын бағайық…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: