Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтар үздік атанды

09.03.2021, 12:30 414

HALYQLINE.KZ Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы командалық чемпионаты наурыз айының 2-7 күндері Тараз қаласында өтті. Жарысқа 15 команда, 89 спортшы қатысты. Оның ішінде ҚРЕССШ – 2, ХДСШ – 13, СШ – 18, СШҮ – 48, 1-дәрежелі 8 спортшы бар. Командалар әрқайсысы тоғыз кездесу өткізді.

Бес күнге созылған жарыстың қорытындысында бас жүлдені Қызылода облысының құрамасы жеңіп алды. Ал жүлделі 1, 2-орындарды Павлодар, Ақтөбе облысының спортшылары иемденді. Жерлестеріміз мына құрамда өнер көрсетті. Хәкімжан Елеусінов, Сәбит Шүленбаев, ҚР спорт шеберлігінің нормативін орындады.

Жерлес тоғызқұмалақшыларға «Жарайсыңдар жігіттер» дейміз. Бұл жеңіс аналар мерекесіне тартқан үлкен сый болды. Алар асуларың көбейе берсін.

Мұхтар СӘЛМЕН ЕРЖАНҰЛЫ,

ҚР білімі беру ісінің үздігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: