Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық тоғызқұмалақшылар ел чемпионы атанды

07.03.2021, 17:30 263 0

HALYQLINE.KZ Тараз қаласында тоғызқұмалақтан ерлер арасында Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті.
Ел чемпионатында Қызылорда облысының командасы жоғары жетістікке жетіп, жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Команда құрамында Бексұлтан Бостандықов, Ермұхамед Әлайдар, Сәбит Шүленбаев, Асылбек Қаржаубаев, Жантөре Аманқос шеберлік байқасты.

Ұлттық ойын ұлықталған дүбірлі додада екі спортшымыз Сәбит Шүленбаев пен Жантөре Аманқос Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.

Жарысқа 15 команда қатысты, жалпыкомандалық есепте Павлодар облысы екінші, Ақтөбе облысы үшінші орындарды иеленді.

Енді үстіміздегі жылдың 23-31наурыз аралығында Павлодарда, сәуір айында Ақтөбеде өтетін жекелей және әйелдер арасында өтетін ҚР командалық чемпионатына облыс құрамасы қатысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: