Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық екі боксшы Азия чемпионы атанды

27.01.2023, 10:35 164

16-27 қаңтар күндері Тайландтың Бангкок қаласында Бокстан 19-22 жас арасында Азия чемпионаты өтуде. Чемпионатта ерлер арасында Сыр спортшысы 54кг салмақта Нұрсұлтан Алтынбек филиппиндік боксшыны жеңіп, 1-орынды иеленіп, Азия чемпионы атанды. Спортшыны жарысқа бапкер Ж. Жүсіпов дайындады.

Атап айтар болсақ, Нұрсұлтан Алтынбек «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің спорт жаттықтырушы-оқытушы біліктілігі бойынша 2018-2022 жж колледж түлегі.

Сонымен қатар, жерлесіміз Гүлсай Ержан да 19-22 жас аралығындағы жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды. Ол Қазалы ауданының тумасы, сайысқа 80 келі салмақ дәрежесінде қатысты. Спортшыны жарысқа жаттықтырушы Бақытбек Құлбаев дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: