Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада футбол фристайлынан онлайн жарыс өтті

28.08.2020, 16:05 736

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай футбол фристайлынан (жонглирование) Қызылорда облысының жекелей жарысы өтті.

Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен онлайн жүйеде алғашқы мəрте өткізілген жарысқа 10-12 жəне 13-14 жас аралығында 24 жасөспірім спортшы қатысты.

Жарыс нəтижесінде 10-12 жас аралығында сынға түскен қазалылық Бейбарыс Асылбекұлына тең келер ешкім болмады. Шиелі ауданының спортшысы Ұлықбек Арыс – екінші, жалағаштық Қасымжомарт Ұлғасбай үшінші орындарды иеленді.

13-14 жас аралығында Қазалы ауданының спортшылары Дастан Мергенбай чемпион атанса, Мағжан Құлатай – күміс, жаңақорғандық Ерасыл Қасенов қола жүлделерге қол жеткізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, дипломдар берілді.

Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер:
  • Футбол фристайлы -әлемде кенжелеп дамып келе жатқан спорт, біздер мемлекетте спорт саясатын ілгері жылжытуға жұмыс жасайтын орган болғасын жаңаша спорт түрлерін енгізуіміз тиіс, екі жыл бұрын воркаут спортынан жарыстар ұйымдастыра бастап едік кәзір тұрақты шұғылданушылар ұлғайып келеді, кәзір спорт алаңдары барлық жерде қолжетімді, сондықтан спортпен шұғылдану маңызды

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: