Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «BIALI МАРАФОНЫ» өтті

01.04.2022, 17:50 197

Сәуір айының бірінші күні керемет көңіл күймен бастау алды. Оған басты себеп – Қызылорда «BIALI МАРАФОН – 2022» жүгіру марафонының өтуі. Алдын ала әлеуметтік желіде салынған хабарландырулар арқылы жүгіру жарысына ерікті барлық қала тұрғындары қатысты. Шараның салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл, кәсіби боксшы, Сыр мақтанышы Қамшыбек Қоңқабаев, «Абзал и К» ЖШС директоры Мағжан Ералиев, BIALI спорт дүкенінің директоры Асхат Шаукенбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Марафоншылар «Эделвейс» саяжайынан бастап, «Сол жағалауға» барар жолмен «Болашақ» университетінің алдына дейін жүгірді. Сәреге жеткен барша қатысушыларға марафонның арнайы әзірленген медалі және спонсордың атынан «Safia» суы таратылды. Сонымен бірге, ұйымдастырушылар марафоншылардың арасында лотерея ойнатты. Оған спорттық жабдықтар мен күнделікті өмірге қажетті сыйлықтар берілді. Ал, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

+18 жас (әйелдер)

Раимкулова Эльмира 35 жас – 1 орын

Бекназарова Гүлзат 36 жас – 2 орын

Юнгкинд Ирина 50 жас – 3 орын

18-40 жас (ерлер арасы)

Ильясов Балбек 28 жас – 1 орын

Макшат Мейржан 26 жас – 2 орын

Керімбердиев Тұрсын 27 жас – 3 орын

40+ (ерлер)

Бодеев Мұрат 52 жас – 1 орын

Жансеитов Тасболат – 59 жас – 2 орын

Оспанов Ешмұрат – 43 жас – 3 орын

Зәулім «Болашақ» ғимаратының алдында ойнаған көңілді музыка, көптеген сыйлықтар, жүгірушілер бойындағы адреналин, тіпті, күн райының қолайлығы да шараның жоғары деңгейде өтуіне арқау болды. Ұйымдастырушылар мен барша қатысушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда, ұлт саулығын сақтауда атсалысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: