Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

05.05.2020, 17:43 1514

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Оспанов Жақсылық Әбдімәлікұлы тағайындалды.

Жақсылық Әбдімәлікұлы 1972 жылы 28 маусымда Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген.

1994 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтының «Дене тәрбиелеу мәдениеті, оқытушысы-жаттықтырушысы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Жаңақорған аудандық спорт клубының жаттықтырушысы қызметінен бастаған.

1997 жылы облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының жетекші маманы, 1998-2005 жылдары облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының дене тәрбиесі сауықтыру және спорттық бұқаралық жұмыс бөлімінің жетекші маманы, 2005 жылы облыстық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің оқу-спорттық бөлімінің бас маманы, 2006-2016 жылдары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-спорттық бөлімінің бастығы, 2016 жылы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Пікірлер:

Ерлан үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: