Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел бойынша Бірлік күніне орай 5 мыңнан астам іс-шара өтеді

01.05.2026, 11:14 29

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай еліміз бойынша 5 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарламаларда концерттер, мәдени кездесулер, жәрмеңкелер, этномәдени бірлестіктердің қойылымдары мен танымдық шаралар қамтылған.

Білім беру ұйымдарында «Бірлік сабақтары» өткізіледі. Ал жоғары оқу орындары мен колледждерде «Бірлік көпірі» атты студенттік эстафета басталды. Облыс орталықтарының негізгі алаңдарында отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер мен көпшілікке арналған мәдени бағдарламалар өтеді.

1 мамыр мерекесі елдегі татулық пен қоғамдық келісімді дәріптейтін күн ретінде аталып келеді. Бұл күні әр өңірде Қазақстанда тұратын этностардың мәдениеті, дәстүрі мен өнері таныстырылады.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: