УЕФА инспекторы Скотт Струзерс Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен келді, деп жазады облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметі.
Іссапардың басты мақсаты – 2025 жылдың соңында пайдалануға берілген заманауи үлгідегі 11 мың орындық «Қайсар Арена» стадионын УЕФА талаптарына сай лицензиялап, Еуропа чемпионаты сияқты ірі көлемдегі матчтарды өткізуге ықпал жасау.
Еске салсақ, жаңа стадион өткен жылы УЕФА Time бағдарламасына 4-санаттағы стадион ретінде енгізіліп, ойын алаңы ФИФА тестілеуінен өтіп, ең жоғары деңгей – FIFA QUALITY PRO сертификатын иеленген болатын.
Осыған орай, УЕФА инспекторы Скотт Струзерс жаңа стадион жұмысымен толықтай танысып, негізгі талаптар бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, «Қайсар Арена» стадионы 2025 жылдың 4 қазан күні Қазақстан Кубогының финалдық ойынымен ресми түрде ашылған болатын.
Фото: kazpravda.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!