Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қызылорда-2022» жазғы чемпионаты басталды

04.08.2022, 20:14 110

«Қызылорда-2022» – Қазақстан Республикасының өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХVІІІ және әйелдер арасындағы VІІІ
жазғы чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

​Ағымдағы жылдың 3 тамызында жергілікті уақытпен 18:00-де Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда Өрт сөндіру-құтқару спортынан өтетін «Қызылорда-2022» жазғы чемпионаттың ашылу салтанаты болып өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов қатысып, салтанатты іс-шараны ашты, сөз сөйледі. Онан соң «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дәурен Данаев, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаев чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатының соңы концерттік бағдарламаға ұласты.


​Жалпы чемпионатқа 18 ерлер командасы, 14 әйелдер командасы қатысуда. Бас төреші алқасы мен жаттықтырушыларды және команда өкілдерін қосқанда барлығы 364 адам атсалысуда. Спортшылардың саны 289, оның ішінде 184 ер адам, 105 әйел адам бақ сынауда. Ең жас чемипонаттың қатысушысы Батыс Қазақстан облысының спортшысы Юлаева Елена 2010 жылы туған. Ал, ең ересек қатысушысы Павлодар облысынан Долголевец Александр 1973 жылы туған.


​Осы күні сонымен бірге чемпионаттың алғашқы кезеңі де өткізілді. ​Әйелдер арасындағы 100 метрлік кедергіге жүгіруден жарыстың қорытындысы шықты. Жалпы командалық есеп бойынша Нұр-Сұлтан қаласы 1 орын, Ақмола облысы 2 орын, Түркістан облысы 3 орынды иемденді. Жеке есеп бойынша 1 орынды Қостанай облысынан Бажева Айнұр, 2 орынды Түркістан облысынан Тұрсын Айдана, 3 орынды Алматы қаласынан Дзолба Оксана иеленді. Республика бойынша рекордты 16,60 секундта Дзолба Оксана келіп, жаңартты.


​Ерлер арасындағы 100 метрлік кедергіге жүгіруден Нұр-Сұлтан қаласынан келген Подгородецкий Петр 1 орынды, Қарағанды облысының атынан қатысқан Текенов Бауыржан 2 орынды, Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаушы Шәріпханов Ержан 3 орынның иегері атанды. Ерлер арасында үздік нәтиже көрсеткен Шәріпханов Ержан мәреге 15:50-де жетті.
​Аталмыш жазғы чемпионаттың этаптары 6-тамызға дейін өткізілетін болады. Чемпионаттың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз.

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: