Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қыраннан кем көрмейді қаршығасын…

06.03.2022, 18:00 816

HALYQLINE.KZ Бүгінде қаршығасын қомдап, ителгісін баптап, қыранын аңға салатын қазақ санаулы. Кәусар Бауыржан – ата-баба кәсібінің қайта түлеп, бекзат өнердің жаңғыруына тамшыдай болса да үлес қосып жүрген сол санаулы жанның бірі. Тұлымшағы желбіреген нәзік жан құсбегілікті кішкентайынан кәсіп еткен. Ел чемпионатында 3 мәрте қаршығасының бағын сынап көріпті. Әзірге олжа салмаған. Әйтсе де киелі Әулиеата жерінде ұлттық брендіміздің бірі саятшылық өнерді ұлықтап жүрген аруымыздың болашықтан үміті зор. Бар жоғы 7-сыныпта оқитын Кәусардың болашағынан біз де үміттіміз.

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: