Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«ҚР ҰҚК барысы» анықталды

03.03.2023, 17:40 389

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толу мерекесі аясында ҚР ҰҚК Төрағасының кубогіне арналған қазақ күресінен «ҚР ҰҚК Барысы» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылжан Жаманқұл баяндады.

Дүбірлі додаға 17 облыс пен Астана және Алматы, Шымкент қалаларынан 20 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінен 4 құрама команда қатысты.

– Сыр елінде алғаш рет Қызылорда облысы әкімдігінің және ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен өткен спорт додасы жоғары дәрежеде өтті. Командалар мықты палуандардан жасақталған. Сәйкесінше, 175 спортшы бақтарын сынап, тартысты дода болды,- деді Асылжан Зулфқарұлы.

– Екі күнге созылған турнирдің алғашқы күнінде командалық жарысқа 65, 70, 75 келі салмақта және екінші күні 90, +90 келі салмақ дәрежелері бойынша мықтылар анықталды. Нәтижесінде командалық жарыста Астана құрамасы, ал 90 килограм салмақ дәрежесінде І орынды Қайыр Мұхамедия еншілесе, +90 келі салмақ бойынша қызылордалық Ғалымжан Әбдрахманов І орынды иеленді, – деді Ғалым Серікұлы.

Айта кетейік, жеңімпаздарға диплом, медальмен қатар ақшалай сыйлықтар табысталды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: