Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингіде көш бастады

08.04.2022, 17:00 471

HALYQLINE.KZ Қазақстанның таэквандо тарихында алғаш рет спортшымыз әлемдік рейтингіде көш бастады. 73 келі салмақ дәрежесінде Дениз 139.81 ұпаймен бірінші орынға шықты. Одан кейін ресейлік Полина Хан (107.94), ал үшінші орында Оңтүстік Корея спортшысы Да Бинь Ли (105.60) тұр. Бұған дейінгі рейтингіде қазақстандық таэквандошы қыз төртінші орында болған.

Жансель Дениз 2018 жылы Джакартада Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған. Ал одан бір жыл бұрын Тайваньның Тайбэй қаласында өткен Жазғы универсиадада күміс медаль жеңіп алған. Бұл – қазақстандық спортшының ең жоғары жетістігі. Бұдан бөлек, Дениз сан алуан халықаралық турнирлерде жеңіске жеткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: