Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық балуандар жол апатынан қайтыс болды

04.08.2020, 14:30 698

HALYQLINE.KZ Еркін күреспен айналысатын үш қазақстандық балуан жол көлік апатынан қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының Instagram парақшасында жазылды. 

Оқиға 3 тамыз күні болған. Қолда бар мәлімет бойынша, апат Жамбыл облысында болған. Оқиға болған жерде Жақсыбек Қарабалаев пен Байбазар Жанбота қайтыс болған. 

Бүгін, 4 тамыз күні Ілияс Жұмай қайтыс болыпты. Ол Халықаралық дәрежедегі спорт шебері еді. Сондай-ақ, 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. 

Ал Заутбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметалиев емханада, ауыр халде жатыр. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: