Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық ауыр атлет допинг дауына ілікті

21.01.2021, 13:20 311 0

Допинг дауы қазақстандық ауыр атлетшілер ауылынан алыстай қойған жоқ. Заманында мүмкін болған бар сайыста алтыннан алқа таққан даңқты спортшыларымыздың аяғынан шалған да осы допинг дауы екені белгілі. Араға уақыт салып, «федерация жұмысы жүйеленді ме» дегенде тағы бір спортшымыз күдік келтірді. Мамандардың айтуынша, Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзған.

– Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің өткен күзде жарияланған IWF-ке жүргізілген тергеу туралы есебінің жалғасы ретінде Халықаралық допингті тестілеу агенттігі WADA іс материалдарын («Жебе операциясы») алды және оны қарап шыққаннан кейін үлгі алмасуға байланысты екі спортшының допингке қарсы ережені бұзғанын осы кезеңде жариялауға шешім қабылдады. Румыниялық Думитру Каптари мен отандасымыз Ниджат Рахимовқа 2016 жылдың ішінде «Зәрді ауыстыру анализі» (IWF допингке қарсы ережесінің 2.2-бабы) бойынша допингке қарсы ережені бұзғаны үшін айып тағылып отырғандығы туралы хабарланды. Тиісті мәселелер шешілгенше спортшылар жарыстарға қатысудан уақытша шеттетіледі, – деп мәлімдеді Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Осылайша, ел намысын қорғап жүрген «алтынмойын» спортшымыз зәр ауыстырамын деп сайыстарға қатысуға зар болып қалуы мүмкін. Бір федерацияның айналасында жүрген осыншама көп дау дабыл қағатындай дүние. Мұндай дерек жалғаса берсе, отандық зілтеміршілерге деген сенімнің қалмауы бек мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: