Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан студенттерінің жазғы универсиадасы Ақтауда өтеді

10.05.2023, 12:05 495

Ақтау қаласында тұңғыш рет Есенов университетінің ұйымдастыруымен 24 мамыр – 24 маусым күндері ХІІ жазғы ҚР ЖОО студенттерінің Универсидасы өтеді. Бұл туралы Yessenov University президенті Берік Ахметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұрынғы универсиадалар спорт түрлері бойынша үш-төрт қаланы қамтитын болса, бұл жолы 17 спорт түрінен 20 жарыстың барлығы Ақтауда өтеді екен.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасына сүйенсек: «Алдыңғы универсида бағдарламасында 30-дан аса спорт түрі болса, қазір олар 17-ге дейін ықшамдалып, ең негізгі спорт түрлері ғана таңдалған. Яғни университеттердегі спортшылардың көп айналысатын спорт түрлерінің бейініне қарай, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесе отырып, Дүниежүзілік универсиаданың бағдарламасына басымдық берілген».

ҚР ЖОО студенттері арасында өтетін XIІ жазғы Универсиадасының ашылу салтанаты – 5 маусым, жабылу салтанаты – 24 маусым күндеріне жоспарланған.

Айбек МҰХАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: