Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан спортына стратегиялық мақсат керек

16.10.2023, 8:40 179

HALYQLINE.KZ

Қытайда өткен жазғы Азия ойындарына байланысты қысқаша қорытынды ойымды айтайын.

1. Біздің спортшылардың жүлде алғандарын да, алмағандарын да құттықтаймын, шамалары келгенше жарысты.

2. Бір ғана сұрақ қояйын. Басқасын былай қойғанда, неге біз өзбек ағайынға қарағанда алтын медальдан 2 есе қалдық? Оларда – 22, ал бізде 10-ақ? Бұл – сенсация! Өзбектер қалай жетті, біз қалай құлдырадық? Бұрын-соңды қандай да бір ғылыми негізде анализ жасалды ма? Бұл стратегиялық сұраққа Үкімет, министрлік жауап беру керек?

3. Қазақстан спортының қазіргі жағдайына ПАРЛАМЕНТТІК ТЫҢДАУ өткізу керек. Көп жылдар бойы жіберген олқылықтарға әділ баға беріп, қоғамдық талқылау жасап, нақты шешім қабылдау қажет. Шақырса, қажет десеңіздер, мен қатысып дайындап қойған Қазақстан спортына ИМПУЛЬС беретін ұсынысымды айтамын. Бізге жылдар бойы СПОРТ саласына үлкен экспертиза жасап, ақ-қарасын ашып, түбегейлі өзгерістерге бару керек. Ақшамен бәрін шеше алмайтынымыз көрініп-ақ тұр.

4. Солардың бірі ретінде, көп жылға арналған ҚАЗАҚСТАН СПОРТЫНА СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТЫ қойып, жол картасын жасап, соны қадам-қадаммен шешу керек. Қытай осылай жасады деп ойлаймын. Себебі біз күрескен, жарысқан заманда ҚЫТАЙ СПОРТЫ нашар еді, енді көкке көтерілді. Оларды әлі Парижеде көреміз, айды аспанға шығармасына кім кепіл?!. «Аспанда – жұмақ, жерде – Қытай» деп жүрмесе болды. Біз КӨҢІЛДІ ауыл-аймаққа, бұқаралық спортқа бөліп, сыбайластықты жою керек.

5. ҚР Президенті жанынан Қазақстан спорты жөніндегі КӨМЕКШІ керек. Себебі еліміздің Туы, Әнұраны әлемде тек екі-ақ жағдайда көтеріледі, шырқалады. Бірінші, ҚР Президенті басқа елге барғанда және спортшыларымыз 1-орын алғанда. Қазақстан күшті мемлекет, мықты спорттық держава болу керек. Бір-бірінсіз болмайды.

Оразалы  СӘБДЕН,

академик, КСРО спорт шебері, Қазақстан чемпионы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: