Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазақстан барысының» тоғызыншы есімі анықтала ма?

01.07.2023, 15:10 412

HALYQLINE.KZ

«Қазақстан барысы» турнирі 2011 жылдан  (2020 жылғы пандемияны қоспағанда) бері үздіксіз өткізіліп келеді. Биылғы бәсекеге 17 облыс, 3 қала мен «Әскер барысында» өткізілген іріктеу турнирлерінің ақтық сынында өнер көсеткен 40 балуан мен былтырғы «Қазақстан барысы» атағын иеленген Мақсат Исақабылов қатысады.

Бұған дейін 11 рет өткен  «Қазақстан барысы» турнирінде Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда  облысы балуандары ғана жеңістің ең биік сатысына көтерілген.

Атап айтсақ, 2011 жылы алғаш рет ұйымдастырылған додада қызылордалық Ұлан Рысқұл жеңімпаз атанса, бұл өлкенің тағы бір өкілі Мақсат Исақабылов 2022 жылы үздік шықты.  «Әскер барысы» атынан шыққан тағы бір Сыр елінің балуаны Еламан Ерғалиев 2017 жылы жеңімпаз атанды.

Жамбыл облысының намысын қорғаған  Бейбіт Ыстыбаев 2012, 2015 және 2016 жылдары жарыс жеңімпазы атанды.

Шығыс Қазақстандық Айбек Нұғмаров 2013 және 2019 жылдары чемпион атанса, 2014 жылы   Мұхит Тұрсынов,  2021 жылы Дәурен Нұралинов «барыс» атанды.

Қарағандылық Ержан Шынкеев 2018 жылы  үздік шықты.

Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл турнирге шейін 8 балуан ғана «Қазақстан барысы» атағына қол жеткізген.

Ертең Астана уақытымен 12:00-ге жоспарланған  жарыстың басты жүлдесіне Руслан Әбдірзақов, Ғалымжан Қырықбай, Мақсат Исақабылов, Дәурен Нұралинов, Ерасыл Қажыбаев  және  Нұрдәулет Жарылғаповтар үміткер саналады.  

«Қазақстан барысына» қатысушылардың толық тізімі мынадай:

Жасұлан Наурызәлі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: