Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсардың» қарсыласы кім болуы мүмкін (Видео)

06.08.2020, 11:10 483

HALYQLINE.KZ «Еуропа лигасында «Қайсардың» қарсыласы кім болуы мүмкін? Осы тақырып аясында «Qyzylorda» телеарнасының сюжетін назарларыңызға ұсынамыз» деп жазды «Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметі.

Шымкентте дайындығын пысықтап жүрген қызылордалық «Қайсар» жақында ғана «Қыран» командасымен жолдастық кездесу өткізген еді. Тоқсан минуттық тартыста қасқырлар қарсылас қақпасына 5 доп енгізсе, алаң иелері саналған «Қыран» екі голмен жауап қайтарды. Қорытынды есеп 5-2!

«Қайсар» сапынан Александр Колев қос гол соқса, Асхат Тағыберген, Самат Балымбетов және Мағжан Бауыржан қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Айта кетейік, Стойчо Младеновтың шәкірттері 8 тамызға дейін Шымкентте жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: