Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсардың» 10 ойыншысынан коронавирус табылды

29.06.2020, 15:40 344 0

HALYQLINE.KZ «Қайсар» футбол клубының бас жаттықтырушысы Стойчо Младеновтың айтуынша, клуб ойыншылары арасында коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Қайсардың» 10 ойыншысының тапсырған талдауы коронавирус бар екенін анықтады. Егер «Байқоңыр» жастар командасындағы инфекцияға шалдыққандарды қоссақ, жалпы сырқаттанғандар саны 25-ке жетеді. Мен және менің бапкерлер штабымның өкілдері, сонымен қатар Болгариядан келген Александар Колевтің вирусқа тапсырған талдауы теріс нәтиже көрсетті», – деп атап өтті Младенов.

Сонымен қатар, бас жаттықтырушы «Қайсардың» 1 шілдеге жоспарланған ойыны өтер-өтпесін білмейді.

«Жаттығуды тоқтаттық, шешімді күтіп отырмыз», – деді ол.

Айта кетсек, 1 шілдеде «Қайсар» Қазақстан чемпионатында «Таразға» қарсы ойнауы керек болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: