Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» гандбол клубы жаттығуын жалғастыруда

25.05.2020, 13:45 548

HALYQLINE.KZ Облыс спортшылары карантиннен кейін қауіпсіздік шараларын назарда ұстап, оқу-жаттығу процестерін бастағаны өздеріңізге белгілі. Осылайша, «Қайсар» гандбол клубының бас жаттықтырушысы Вячеслав Ким бастаған команда екі ай карантиннен кейін жаттығу залына оралды.

«Қазақстан гандбол федерациясы Супер-лиганың әйелдер командалары арасында ҚР чемпионаты жаз айларында маусым, шілде, тамыз айларында өткізілетінін хабарлады. Карантин режимі кедергі келтірмесе, күнтізбелік жоспар бойынша екі туры Қызылорда қаласында, екі туры Алматыда өтеді. Бір апта бұрын команда залда оқу-жаттығу процесін бастаған болатын. Осы аптада барлық командамыз толығымен жарыстарға дайындықты жалғастырады. Екі апта жалпы физикалық дайындық және келесі екі аптада техникалық-тактикалық дайындық жүргіземіз», – деді Вячеслав Ким.

Наурыз айында Венгрияда жоспарланған Олимпиада ойындарына жолдама алатын квалификациялық турнир қазан айына ауыстырылған. Команда осы турнирге жəне 7 спортшымыз Азия чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, «Қайсар» гандбол командасы – 11 дүркін ҚР чемпионы, 4 дүркін Жастар спорт ойындарының және 4 дүркін ҚР спартакиадасының жеңімпазы, 2 дүркін Азия клубтар лигасының чемпионы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: