Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«ПетроҚазақстан»: Спартакиада жүлдегерлері марапатталды

29.08.2024, 9:40 284

«ПетроҚазақстан»  компаниясы  тек қара  алтын  өндіріп  қоймай, мұқтаж жандарға ұдайы көмектесуден, сондай-ақ спорттық іс-шараларға белсене араласып, саламатты өмір салтын насихаттаудан тайынған емес. Тамыздың 25-і күні «ПетроҚазақстан» ұжымы арасындағы спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Қорытынды кеште спорттық ойындарда жеңіс тұғырынан көрінген мамандар марапатталды. Спартакиада ойындары сондай-ақ, Қазақстан мұнайының 125 жылдығына және мұнай-газ мамандарының  кәсіби  мерекесімен  қатар ұйымдастырылды.

3 тамызда бастау алған спартакиадаға бас-­аяғы 12 команда, спорттың 9 түрінен өзара сынға түсті. Атап айтқанда, сала мамандары шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, арқан тарту, жүзу, волейбол және шағын футбол бо­йынша бақ сына­сып, жүлделерді сарапқа салды. Командалар арасындағы бәсекелестік жоғары деңгейде өтіп, әр қатысушының қажырлы еңбегі мен жеңіске деген құлшынысы айқын көрінді. Тағы айта кете­тін жайт, жарысқа  «Петро­Қазақстан» маман­дары ғана емес, «ТұзкөлМұнайГаз Операй­тинг» ЖШС қызметкерлері де қатыс­ты. Нақтылап айтсақ, V спартакиадада «Құмкөл Мұнай және газ өндіру цехы», «Газды пайдаға жарату цехы», «ҚАМ Мұнай және газ өндіру цехы», «Кеніштегі өндіру технологиясы бөлімі», «Технологиялық бөлім», «Материалдық ресурс­тар басқармасы», «Қаржы департаменті», «Өнді­рістік қызметтер», «Гео­логия, өндіру және игеру», «Қауіпсіздік. Құрылыс. Әкімшілік», «ТұзКөлМұнайГаз Оперейтинг кен орны мен кеңсесі» коман­далары жарыстың көркін келтірді. Марапаттау рәсімі басталмас бұрын меке­ме вице-президенті Болат  Көшербаев  құттықтау  сөз  сөйледі.

– Құрметті әріптестер, Конституция күніне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан мұнайының 125 жылдығына орай ұйымдастырылған спартакиаданы қорытындылап отырмыз. Мұндай спорттық іс-шараларды ұйымдас­тырудағы бас­ты мақсат – ұйымшылдық. Барша жүлдегерді құттықтаймыз, ал жүлдеге ілінбей қалғандарға келесі жарыстарда сәттілік  тілейміз!, – деді  ол.

Негізінде, «мұнай өнеркәсібі – ерлерге арналған жұмыс» деген таптаурын бар. Десек те, мұнай саласына нәзікжандылардың қосқан үлесі де аз емес. Биылғы V спартакиадада әйел­дер де ерлігімен, өжеттілігімен көзге түсті. Сол себепті, алғашқы болып спорттық ойындарға қатысқан арулар марапат биігінен көрінді. Нақтырақ айтқанда, спартакиадаға ерекшеленген әрбір қызметкер аруға «Ыдыс­тар  үйінің»  5000  теңге  сертификаты  берілді.

Артынша әр спорт түрі бойынша жекелей сында топ жарған қатысушыларға диплом мен естелік сыйлық табыс етілді. Әр спорт түрі бо­йынша үшінші, екінші және бірінші орын алғандарға бағалы сыйлықтар мен арнайы  дип­лом  берілді.

Атап  айтқанда, шахмат  ойындары бо­йынша ерлер арасында Қанат Күлімға­лиев және Әділет Өтегенов үшінші орынмен, Бақытғали Қобландиев екінші орынмен, Нұрлан Қуанышбайұлы бірінші  орынмен  марапатталды. Ал әйелдер арасында үшінші орынды Айнұрлы Ибраева, екінші орынды Тұмаркүл Әбенова, бірінші орынды  Гүлмира  Болатқызы  еншіледі.

Қазақтың   ұлттық  әрі  интеллектуалды  ойы­ны тоғызқұмалақ бойынша да  мұнайшылар сынға түсті.  Ерлер  арасында  үшінші  орынға  Ғабит Жәкебаев лайық деп танылса, екінші орынмен Айдос Мақашев марапатталды. Ал жеңіс тұғырынан Абдықадыр Дүйсенбекұлы көрінді. Әйел­дер арасындағы бақталаста үшінші орынды Шолпан Қуанышбекқызы, екінші орынды Ақмарал  Құтыбаева иеленді. Ал оза шап­қан Жанат  Ибрахимова  бірінші  орын  алды.

Үстел теннисі бойынша ерлер арасында үшінші орынға Лю Цзянбо, екінші орынға Александр  Ким жайғасты. Бірінші орынды Нұрлан Рысқұлов қанжығалады. Әйелдер арасын­да өткен турнирде үшінші орынмен Салта­нат Есжанова марапатталды. Екінші орын Ғалия Шембоковаға, ал бірінші орын Сәрсенкүл  Сыздықоваға  бұйырды.

Бүгінде олимпиадалық спорт түріне енуі мүмкін армрестлинг, қазақша айтқанда қол күрестен де мекеме қызметкерлері бақ сынас­ты. 80 келіден аса салмақ дәрежесіндегі ерлер бөлек, 80 келіге дейінгі салмақтағы ерлер бөлек білек айқастырды. Бірінші салмақ дәрежесінде Руслан Әділбекұлы үздік саналды. Ал 80 келіге дейінгі салмақта Бауыржан Бақытжанұлының мерейі үстем болды. Қол күресінен әйел азаматшалар да қалыс қалған жоқ. Мұнда 65 келіден астам салмақ дәрежесінің бірінші сатысына Марина Кашечкина жайғасса, 65 келіге дейінгі салмақ­тың  бірінші орынын  Жанар  Сапар­бекова  алды.

Жүзіп жарысқандар арасында «ҚАМ мұнай газ және өндіру цехынің» қызметкері Сәкен Өтебаев қарсыластарына шаң ілестірген жоқ. Екінші орынды Нұрбол Тәжібаев қанағат тұтса, үшінші орын Жетес Құлмағамбетовке бұйырды. Әйелдер арасында бол­ған дисциплиналық жарыс­та Анастасия Олеговна үздік шықты. Екінші орын мен үшінші орынды Людмила Алымова  мен  Оксана Чернико­ва  бөліп  алды.

Жекелей сында осындай нәтиже тіркелді. Кейінірек  топтық  сында оза шапқандар мара­пат биігіне көтерілді. Волейбол және кіші футбол спорт түрлері бойынша үздік үштікке ілінген командалар үшінші орын үшін 80 000 теңге, екінші орын үшін 120 000 теңге, ал бірінші орын 160 000 теңге қанжығалады. Волей­бол ойындары бойынша үшінші орынмен «Газды пайдаға жарату цехы» командасы, екінші орынмен «Технология­лық бөлім» командасы, бірінші орынмен «Кеніштегі өндіру технологиясы» командасы марапатталды. Шағын футболдан «Материал­дық ресурстар басқармасы» командасы 3-орынды алса, екінші орынмен «Тұзкөл­МұнайГаз Оперей­тинг кеңсе» командасы, бірінші орынмен «Геология, өндіру және  игеру»  командасы  марапатталды.

Біршама уақытқа созылған спорт маусымы осылайша тамамдалды. Қорытынды кеш соңында жалпы командалық есеп бойынша алғашқы үштіктің ұпайы анықталып, жүлдегер команданың әрбір мүшесіне медаль­дар табыс­талды. Қорытынды есепте 121 ұпай жина­ған «Құмкөл мұнай және газ өндіру цехы» командасы үшінші дәрежедегі жүлдегер атанды. Екінші орын 131 ұпай еншілеген «Материалдық ресурс­тар басқармасы» командасына бұйырды. Бірінші орынды сан түрлі спорт  бойынша сынға түсіп, үздік нәтиже көрсете білген «Қаржы депар­таменті» командасы  иелен­ді.

Спорт мамандық талғамайды. Жыл сайын өтетін мұнайшылар арасындағы спартакиада – соның бірден-бір дәлелі. Осы шамадағы үлкен-­кіші  жарыстар  өзге сала мамандары арасында да жиі ұйымдастырылып, саламатты өмір салтын  ұстану  трендке  айналады деген  ойдамыз.

Айтілес  ЖАЙШЫЛЫҚ

Суретті  түсірген  Андрей  ТАЙГУНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: