Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Париж олимпиадасының жолдамасына кімдер таласады?

19.03.2024, 11:50 91

19-21 сәуір күндері Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысатын Қазақ балуандары анықталды, – деп Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Бішкек қаласында күрес түрлерінен он сегіз салмақта Париж олимпиадасы ойындарының жолдамасы ойнатылады. Қазақстаннан он алты балуан (5 грек-рим күресінен, 5 еркін және 6-әйелдер күресінен) күреседі.

Күрестен Париж жолдамасына қатысатын Қазақстан балуандары мыналар:

Грек-рим күресінен:
60 кг: Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы);
67 кг: Мейіржан Шермаханбет (Шымкент қаласы);
77 кг: Демеу Жадыраев (Алматы облысы);
97 кг: Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы);
130 кг: Әлімхан Сыздықов (Шымкент қаласы).

Еркін күресі:
57 кг: Ерасыл Мұхтарұлы (Жетісу облысы);
65 кг: Майис Әлиев (Маңғыстау облысы);
74 кг: Нұрғожа Қайпанов (СҚО);
97 кг: Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы);
125 кг: Юсуп Батырмұрзаев (Ақтөбе облысы).

Әйелдер күресі:
50 кг: Лаура Ғаниқызы (Алматы қаласы);
53 кг: Жұлдыз Ешимова (Астана қаласы);
57 кг: Эмма Тисина (Астана қаласы);
62 кг: Ирина Кузнецова (Ақмола облысы);
68 кг: Елена Шалыгина (Шымкент қаласы);
76 кг: Жәмила Бақбергенова (Астана қаласы).

Айта кетейік, былтыр Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан 86 келіде Азамат Дәулетбеков (еркін к.) пен 87 келі салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов (грек-рим к.) Париж олимпиадасына жолдама алған.

Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: