Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олжастың олжасы

09.04.2021, 11:50 591

HALYQLINE.KZ

Түркияның Анталия қаласында парадзюдодан өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Олжас Оразалыұлы Қазақстан атынан өнер көрсетті.

ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, тұңғыш Әлем чемпионы, мүгедектерге арналған спорт клубының спортшысы Олжас Оразалыұлы 66 келі салмақ дәрежесінде турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

Ол жарыс барысында үш кездесу өткізіп, барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңсе, финалда Украин спортшысына есе жіберіп алды.

Ол биылғы жылы Токиодағы Паралимпиада ойындарына жолдама алу үшін ұпай жинайтын жарыстарға кезеңімен қатысуда.

Енлі мамыр айында Анталияда, маусым айында Англияда өтетін лицензиялық Гран-при жарыстарында бағын сынайды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ол əлемдік рейтинг бойынша 2-орында тұр.

Спортшыны жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанарбек Сансызбаев, жаттықтырушылар Қайрат Баякенов жəне Руслан Беркімбай дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: