Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрбек Оралбай ерледі

10.05.2023, 17:00 313

HALYQLINE.KZ Ташкенттегі әлем біріншілігінің ширек финалы жалғасуда. Күндізгі сессиядағы үшінші боксшы Нұрбек Оралбай иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша 5:0 (29:28) есебімен жеңіске жетті.

Бұл – Нұрбек Оралбайдың ересектер арасындағы әзірге ең жоғары табысы. Қазақ боксшысы жартылай финалда Ресей чемпионы, Бекзат Нұрдәулетовты жолдан тайдырып, Токио Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған Имам Хатаевпен кездеседі.

Осымен ширек финалға шыққан 3 боксшымыздың 2-еуі жүлдеге таласады. Бұған дейін Асланбек Шымбергенов жартылай финалға шыққан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: