Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұхтархан Ділдәбеков: «Қамшыбекке көбірек дайындалу керек»

26.04.2021, 17:45 1018

HALYQLINE.KZ

– Қазіргі таңда Ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық боксшыға есе жіберіп жүр. Әзірге әлем бойынша ауыр салмақта Баходир Жалолов көш бастап тұр. Оны жеңу үшін Қамшыбек Қоңқабаев көбірек дайындалу керек. Қамшыбектің боксын көріп жүрмін. Барлығы жаттығуына байланысты. Өзбектің мақтанышы Баходир Жалоловты жеңеді. Жақсылап дайындалса, жаттығуын күшейтсе барлық қарсыласын жеңеді. Қамшыбек олимпиада чемпионы болады. Өзінің алдына қойған мақсаты болу керек. Жалғыз Жалолов емес, әр жылы әр боксшы шығады, әр елден олимпиадаға келіп қатысады. Сондықтан барлық спортшыға дайын болу керек. Оның арнайы дайындығы, тұру үлгісі (стойкасы) жақсы. Солақай, сондықтан бұған жақсылап жұмыс істеу керек. Жоспар қою керек.

Олимпиаданың шыңына шығу үшін олимпиадаға дейін жоспар құру керек. Сондықтан, Құдай қаласа, алдағы күндерде олимпиаданың тұғырында тұру бақыты Қамшыбекке бұйырсын!

Мұхтархан ДІЛДӘБЕКОВ,

Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: