Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ливерпуль» Мбаппе үшін қомақты ұсыныс дайындап жатыр

29.06.2023, 10:50 124

HALYQLINE.KZ ФИФА агенті Марко Кирдемир «Ливерпуль» жазғы трансферлік терезеде ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппені өз қатарына қосу үшін таласатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Marca басылымының хабарлауынша, ағылшын командасының басшылығы шабуылшы үшін шамамен 300 миллион еуро ұсынуға дайын.

Бұған дейін БАҚ-та Мбаппенің ПСЖ-дан кеткісі келетінін, париждіктердің ойыншымен 200 миллион еуроға қоштасуға дайын екендігі, ал «Реалдың» тек 120 миллион еуро ұсынуға дайын екені хабарланған болатын. Мбаппенің француздық клубпен қазіргі келісімі 2024 жылға дейін.

24 жастағы Мбаппе париждік клубта 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Жалпы, ПСЖ сапында ол 260 матч өткізіп, 212 гол соғып, 98 нәтижелі пас берді, команда сапында Францияның бес дүркін чемпионы атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: