Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Күшті жаңалық естисіздер»: Жәнібек Әлімханұлы тосын мәлімдеме жасады

14.08.2026, 15:20 47

HALYQLINE.KZ

Қазақстандық боксшы жанкүйерлеріне үндеу жасап, жақын арада жақсы жаңалық жариялайтынын хабарлады. Бұған дейін ол супер орта салмаққа ауысқанын ресми түрде мәлімдеген еді. Бұл туралы penalty.kz ақпарат таратты.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне қысқа хабарлама жариялады. Спортшы алдағы уақытта маңызды жаңалық болатынын меңзеді.

«Ағайын, күшті жаңалық естисіздер. Дайын болыңыздар!» — деп жазды қазақстандық боксшы.

Әзірге бұл жаңалықтың нақты неге қатысты екені айтылған жоқ.

СУПЕР ОРТА САЛМАҚҚА АУЫСҚАН ЕДІ

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмақ дәрежесіне ауысатынын ресми түрде жариялаған болатын.

Осы шешімнен кейін қазақстандық боксшы бір салмақ төмендегі WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартуға мәжбүр болды.

WBO ұйымы кейін Жәнібек Әлімханұлын жаңа салмақ дәрежесіндегі рейтингке енгізді.

Қазақстандық боксшы супер орта салмақта бірден екінші орынға орналасты. Бұл оның жаңа дивизионда ірі жекпе-жекке жақын екенін көрсетуі мүмкін.

ДИСКВАЛИФИКАЦИЯ  МЕРЗІМІ  ЖАЛҒАСЫП  ЖАТЫР

Қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлы оң допинг сынамасына байланысты дисквалификация мерзімін өтеп жатыр.

Жаза осы жылдың желтоқсан айында аяқталады. 

Алихан  КУБЕЕВ.

Фото: Vesti.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: