Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Клуб біткен легионерқұмар

05.04.2021, 16:45 398

HALYQLINE.KZ

…Отыз жыл өрге шықпаған отандық футбол қазір қарғып тұрмайды. Қатарға қосылу үшін қамқорлық қажет. Әсіресе елдегі талантты ойыншыларға. Бір Еркебұлан Сейдахметті алайық. Қазір қайда ол? Қамқорлығына алған біреу бар ма? Неге ойнамайды? Осыны ойламадық па? Дәл сондай талант далада шашылып жатқан жоқ қой. Дидар Жалмұқан қандай еді? Неге «Астанада» қамадық? Неге өріс ашпадық? Еркебұлан Тұңғышбаевты алайық. Негізі, француздарға қайрап салатын алмас қылышың сол еді. Былтыр «Қайраттағы» Алексей Шпилевскийдің қабағына қарап Тұңғышбаевтай талантты тұншықтырдық. Табан астында еске түскен ойыншылар бұлар. Ал ашылмай қалған бұлақтар қаншама! Әр облыста жылына шамамен кем дегенде бес-алты талантты ойыншы далада қалады. Өйткені оларды ешкім көзге ілмеді. Клуб біткен легионерқұмар. ЕАЭО тағы бар. Қазақстаннан жеңіс күту үшін етек-жеңді жиған жөн. Сыртқа ақша шашуды тыйған дұрыс. Онсыз іс оңға баспайды. Ойланатын сәт! Әйтпесе осы адасқан – адасу. Алдан жарық аз көрінеді. Тұман басып тұр. Ол сейілгенде де сәуле төгіле салмайды. Тағы да айтайық, себебі ұлт футболының қабырғасы сөгілген…

Амангелді  СЕЙІТХАН.

«Жас Алаш» газетіндегі (№24, 30.03.21ж.) «Қыңырдың қыжыртпасы немесе от шашырамаған ойыннан кейінгі ой» атты мақаласынан үзінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: